Алматы облысында 300-ден астам көпқабатты үй жылу жүйесіне қосылмаған
Алматы облысында 300-ден астам көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылмаған. Баспаналардың басым бөлігі Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарында. Жергілікті билік мәселені бірден шешуге қауқарсыз.
Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің басым бөлігі орталық қазандыққа қосылмаған. Тұрғындар бесінші қабатқа дейін отын тасып, пеш жағады. Кейбірі жылыту құрылғыларының арқасында қыстан шығады.
Гүлзира Нұрмаметова, Есік қаласының тұрғыны:Қиналып кеттік. Көмірге ақша жинау керек. Пешті жөндеу керек.
Тығырықтан шығудың бірден-бір жолы елді-мекендерге блокты-модульді қазандықтар орнату. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде Есік қаласында алғашқылары қойыла бастады. Алайда жылыту маусымына дейін жоба толық жүзеге аса ма, жоқ па, белгісіз.
Бағлан Тәнекенов, облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы:Биылғы жылы біз мемлекеттік-жекеменшік әдістемемен 40 болкты-модульді 6 ауданда қазандық орнатуды жоспарлап отырмыз. Бұл 110 көпқабатты тұрғын үйді орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етеді.
Жалпы облыста орталық жылу жүйесіне қосылмаған 300-ден астам көпқабатты тұрғын үй бар. Алдағы екі жылда бұл үйлерді қазандыққа жалғау қарастырылуда.
Қуаныш Қанатұлы, тілші:Есік қаласында орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылмаған 72 көпқабатты тұрғын үй бар. Ол жерде шамамен 17 мың халық тұрады. Тұрғындар бұл жұмыстардың жылыту маусымы басталғанша жылдам аяқталғанын қалап отыр. Себебі олар да пәтерлерінде пеш жағып, артық шығынға батудан әбден жалыққан.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері өңірге 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08