Солтүстік Қазақстан университетіндегі жатақханада орын тапшы болғандықтан 300 студент онлайн оқиды
Өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, 1 бөлмеде екі адамнан артық тұруға тыйым салынған болатын. Студенттердің шағымынан кейін құжатқа өзгертулер енгізіліп, 3 адамнан жайғасуға рұқсат етілді. Жатақханадағы орындар алдымен «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы бойынша білім алып жүрген жастар, 1-2 курстарда оқып жүрген көпбалалы отбасылардан шыққан және мүгедектігі бар студенттерге берілді. Жоғары оқу орнының басшылығы облыс орталығындағы қонақ үй, хостел, колледж әкімшілігімен келісіп, 300 студентке қосымша орын тапқан. Алайда мәселе толығымен шешілмеді.
Рената Әпергенова, Солтүстік Қазақстан университетінің академиялық мәселелер бойынша басқарма мүшесі:
4 курс студенттері қашықтан оқуға рұқсат етуге өтініш жазды. ІТ, цифрлық технологиялар тағы басқа мамандықта оқып жүргендер бірінші семестрде ғана онлайн жүйеде оқиды. Ал болашақ мұғалімдер дәстүрлі форматта білім алады.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15