Елордада Жаксылық Үшкемпіровке ескерткіш орнатылды
Елордада қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері Жақсылық Үшкемпіровке ескерткіш қойылды. Ол палуанның аты берілген жекпе-жек сарайының алдында орналасқан. Ашылу салтанатына Мәдениет және спорт министрі, қалалық әкімдік өкілдері, спортшылар мен Жақсылық Үшкемпіровтың жақындары қатысты. «Мұндай ескерткіштің ашылуы спорт саласын дамыту, жас буынға үлгі ретінде көрсетіп, салауатты өмір салтына баулуда маңызды рөл атқарады», - дейді жиылғандар.
Елсияр Қанағатов, ҚР Ұлттық олимпиада комитеті спорт дирекциясының басшысы:
Олимпиада чемпионы қандай болуы керек десе, барлық жағынан, жетістік жағынан адамгершілік жағынан, жалпы мінез-құлқы жағынан, қарапайымдылық жағынан осы Жақаң сияқты болуы керек. Үлгі! Бүкіл спортшыларымыздың үлгісі деп айтуға болады. Сондықтан мынау қазір міне ашылайын деп тұрған ескерткіштің қойылуы өте маңызды.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03