Жамбыл облысында әкімдік қызметкері оққа ұшты
Жамбыл облысында Талас ауданы әкімдігінің қызметкері оққа ұшты. Оның денесі өз көлігінің жанынан табылған. Қазір бізбен аймақтағы әріптесім Данияр Асқарұлы скайп арқылы байланысқа шықты. Данияр, мемлекеттік қызметішінің өліміне не себеп болған? Құқық қорғаушылар не дейді?
Данияр Асқарұлы, тілші:
Қазір Жамбыл облыстық полиция департаментінің алдында тұрмыз. Оқиға осыдан бірер күн бұрын болған. Қаза болған Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі деген ақпарат бар. Ішкі істер бөліміне аудан орталығы Қаратау қаласындағы көшелердің бірінде белгісіз ер адамның оқ тиіп қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Қазір біздің жанымызда осы іспен айналысып жатқан тергеуші тұр. Алдын ала тергеу нәтижесі бойынша мәліметтермен бөліссеңіз?
Сондай-ақ, естеріңізге сала кетейік, Талас ауданы әкімдігі өкілдерінің хабарлағанындай дәл осы бөлімнің бұрынғы бастығы Нұрлан Күдертаев қазір қамауда отыр. Оған қатысты тергеу ісі өткен жылдың аяғында басталған.
Данияр Асқарұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05