Павлодардағы колледж асханалары түгел тексеріледі
Павлодар қаласындағы барлық колледждердің асханалары түгел тексерілетін болды. Монтаждау колледжі студентінің әлеуметтік желіге салған бейнежазбасынан кейін құзырлы мекеме осындай шешім қабылдады.
Осы оқиғадан кейін бүгін оқу орнының асханасына мамандар арнайы тексеріс жүргізді. Алайда, олар ешқандай олқылық таппағандарын айтады. Сол күні колледждің асханасында 260 тан астам студент тамақтанған. Бірақ бірде-бірі шағымданбаған көрінеді.
Еркебұлан Байсалов, Павлодар монтаждау колледжінің 1-курс студенті:
Алғашқыда бізге қойылған тамақ дұрыс болды. Мен өзімнің үлесімді жеп алдым. Содан ыдыстарды жинай бастадық, сол кезде суып қалған ботқаны көрдім.Бізге дейінгі тамақтанатын топтан қалған болса керек. Біраз тұрып, суып қалған екен.Тарелканы айналдырып едім, жабысып қалыпты, түспеді. Соны қасымдағы балалардың бірі салып жіберіпті. Өте ыңғайсыз болды.
Алма Қозыбаева, Республикалық «Қоғамдық бақылау және мониторинг» бірлестігінің Павлодар филиалының төрайымы:
Тамақтың салмағы мәзірдегіге сәйкес. Дәмі жақсы. Өйткені, өзіміз дәмін таттық және балалармен әңгімелескенде олар ешқандай ескерту осы асхана жұмыскерлеріне жоқ екен. Жалпы, біздің тобымыз барлық колледждердің асханаларын қарап шығамыз.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкімет Конституцияны ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті
06.04.2026, 20:59
Елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
06.04.2026, 20:57
Алматылықтардың 40 пайызы жыл сайын маусымдық аллергиямен күреседі
06.04.2026, 20:54
Шымкентте су арналарының айналасы қоқысқа толы
06.04.2026, 20:52
Семейде «Келешек мектептері» жобасы аясында білім ошағы ашылды
06.04.2026, 20:49
«SuperStar KZ» – Ақтауда
06.04.2026, 20:44
Азия чемпионаты: Төрт боксшымыз финалға шықты
06.04.2026, 20:41
Доллар бағамы 466 теңгеге дейін түсті
06.04.2026, 20:15