Маңғыстауда мал саны былтырға қарағанда 13 631 басқа азайған
Маңғыстау облысында төрт-түліктің саны былтырға қарағанда 13 631 басқа азайған. Мыңнан астам түлік аштан қырылды. 7 мыңы өзге облыстарға көшірілді. Қалғанын шаруалар сатып жіберген. Қуаңшылықтан зардап шеккен өңірде жағдай әлі оңалған жоқ, сондықтан шаруалар Үкіметтен көмек сұрайды.
Соңғы санақ бойынша өңірдегі мал саны 630 мыңнан асады. Осы төрт түлікті қыстан аман алып шығу үшін, 77 мың тонна шөп пен 53 мың тонна жем қажет. Оған 5,3 млрд теңге керек. Әзірге республикалық бюджеттен бөлінген 2 млрдтан астам қаржыға 40 мың тонна шөп және 34 мың тонна жем алу жоспарланған. Операторлар анықталып, аудандарда мал азығын сақтайтын базалар жасақталуда.
Ғалымжан Ниязов, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары:
Нормативке сәйкес, түйе деген далада 35 кг шөп жейді. Ал мына қаражат қорда ұстағанда 10 кг мысалы күніне шөпке. Сондықтан бұл жерде азаматтар өздері де ары қарай жұмыстарын жасау керек. Енді мемлекет қолдан келгенше бар көмегін жасайды. Қазіргі уақытта біз жем мен шөпті әкеліп, қыстық азықты әр ауданның базасына үйіп қою.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15