Шымкентте ер адам аттракционға мініп қайтыс болды
Ажалы аттракционнан болды. Шымкентте саябаққа демалуға барған ер адам көз жұмды. Қызылорда облысынан қонаққа келген 56 жастағы азамат айналаны шолатын дөңгелек шығырға отырып, шаһарды биіктен тамашалаған. Мұнан соң «Хаммер» деп аталатын құрылғыға отырған. Куәгерлердің сөзінше аттракцион іске қосылған сәтте өзін жайсыз сезініп, артынша сұлқ түсіп қимылсыз қалған. Оның жүрек соғысының тоқтағанын операторлар ойын біткен соң белдіктерді шешіп жатқанда бір ақ білген. Жедел жәрдем келгенімен, ажалдан аман алып қалу мүмкін болмады. Оқиғаның жай-жапсары тексеріліп жатыр. Қайғылы жағдай «Қиял әлемі» саябағында екінші рет қайталанып отыр. Мамыр айында 17 жасар жеткіншек металл конструкциядан құлап, мерт болған еді.
Ерболат Төлеев, саябақтың әкімшісі:
Ремендерін таққан, қауіпсіздік жағын тексерген. Аттракционға кіріп жатқан кезде міндетті түрде ескертеді. Жүрегіңіз көтере ме деп. Оны сұраған. Бұрын ұшқыш болғанмын деп жауап беріпті.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14