Қызылордада тұрғындар жер телімін қайтаруға наразы
Ал, Қызылордада жергілікті әкімдік 11 отбасынан жер телімін қайтаруды талап етіп, иелерін сотқа берген.
Қара күзде баспанасыз қаламыз деп алаңдаған жұрт өтемақы сұрайды. Қалғандария елдімекеніндегі халықтың Сырдарияның сол жағалауына қоныс тепкеніне 50 жылдан асқан. Өзенге көпір түсіп, жаңа қаланың құрылысы басталғалы тұрғындардан маза қашты. Себебі, баспаналары бас жоспарда жоқ. Бұл аумақта барлығы 33 жеке тұрғын үй болса, соның 15-і тиісті көмегін алып, көшіп кеткен. Қалған 11 үйдің иесі, мәселе дау-дамайсыз шешілер деп үміттенгенмен, ешқандай ұсыныс жасалмаған.
Алтын Сейдәлиева, батыр ана:Қала әкімі де, басқалары да бәрі де келді. Құжаттарың дұрыс деп еді. Өткізгеннен кейін бәрі дұрыс емес болып шыға келді.
Алтынай Накипова, тұрғын:Көшіңдер босатыңдар дейді. Босатқанда шұбырған немере, бала-шағамен жұрт қайда барады? Облыс басшыларынан біз әділдік сұраймыз. Бізге көмек берілсе екен дейміз.
Ал әкімдік өкілдері, жеке тұрғын үйлердің заңдастырылған құжаты жоқ екенін алға тартып, сотқа жүгінген.
Ғанибек Омаров, қалалық жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі:Бүгінгі күнге дейін сот тарапынан екі отбасыға қатысты шешім қабылдады. Үйін өз есебінен бұзу туралы. Қалған отбасыларды қараусыз қалдырды. Қазіргі таңда қала әкімдігі тарапынан кәсіпкерлерден көмек сұралып жатыр. Осы 11 отбасыға көмек жасап көшіру жөнінде.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15