Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты. Оқыс оқиға бүгін түнде болған. Жас жігіт тізгіндеген тойота камри көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, көлікпен қақтығысқан. Екі жүргізуші мен 3 жолаушы оқиға орнында тіл қатпай кетті. Ал бір жолаушы қазір ауыр хәлде ауруханада жатыр.
Ай-күннің аманында 5 адам мерт болды. 19 жастағы жігіт тізгінге ие бола алмай қарсы бетке шығып кеткен. Тойота камри жоғары жылдамдықпен Nexıa Ravon -мен бетпе-бет соқтығысты. Бір уыс темір болып қалған көліктерден соққының қаншалықты жойқын болғанын байқауға болады. Өкінішке орай, 5 адам қаза тауып, 1-еуі ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді.
Екі көлікте 6 адам болған. Тірі қалған қыз камриде отырған. Оған ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығында шұғыл ота жасалды. 18 жастағы арудың жағдайы ауыр.
Бақытжан Сманов, «Академик Н.Ж.Батпенов атындағы ҰҒТЖО орталығының» дәрігері:Күрделі операция өтті. Омыртқасына. Көп қан жоғалтты. ИВЛ-де жатыр.
Тек кешегі күннің өзінде Елордада 91 жол апаты тіркелген. Ал үш күннен бері жауын толастар емес. Арасында қар ұшқындап тұр. Сондықтан жол сақшылары, ереже ережені ескеріп, жолда сақ болуға шықарады.
Ғабит Бөкенбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05