Петропавлда 100-ден астам отбасы үйлеріне кіре алмай жүр
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған көпқабатты үйде жылу, жарық пен су жоқ. Баспана әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар мен бюджеттік сала қызметкерлеріне ипотекалық несиеге берілген. Олардың дені 10-15 жыл бойы пәтер кезегінде тұрғандар. Баспана жалдап әрі банкке несие төлеп шаршаған көпшілік қысқа дейін жаңа үйге көшкендерін қалайды.
Самал Көкенбаева, қала тұрғыны:
Кәзір жалдамалы пәтерде тұрып жатырмын. Жалдамалы пәтерге төлеймін. Міне осы үйдің ипотекасына қазан айында төлеуіміз керек. Бірақ өкінішке қарай осы үйді бізге әкімшілік әлі берген жоқ.
Петропавлдың жаңадан бой көтеріп келе жатқан «Жас өркен ауданында» көпқабатты бес үй уақытша подстанциядан электр қуатын алып отыр. Тұрғындар жарықтың жиі өшетініне шағымданады. Ал әкімдік өкілдері мәселенің жуық арада шешілмейтінін ашық айтты.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қостанайда ауыл тұрғыны 5 мыңға жуық кітап оқыған
28.07.2026, 13:12
Қазақстандық студент АҚШ-та беделді ғылыми марапатқа ие болды
28.07.2026, 13:10
Франция мен Испанияда өртпен күреске мыңдаған маман жұмылды
28.07.2026, 13:09
Алакөл жағалауында қауіпсіздік күшейді
28.07.2026, 13:08
Алматыда үш бағытты тоғыстырған ғылыми зертхана ашылды
28.07.2026, 13:06
СҚО-да кене шаққан тұрғын дақ безгегін жұқтырды
28.07.2026, 13:06
Түркістанда қоршаған ортаны ластағандарға 65 миллион теңге айыппұл салынды
28.07.2026, 13:05
Австралияда 60 жылда алғаш рет жаңа мұнай өңдеу зауыты салынбақ
28.07.2026, 13:04