Павлодарда көпқабатты 56 үйге жылу тек бес күннен кейін беріледі
Павлодарда 50 ден астам көпқабатты үйге жылу қазанның 10 күні ғана берілетін болды. Жаңалықтарымыздың кешегі санында облыс орталығындаҒЫ тұрғын үйлер мен 2 мектеп және 16 оқу орнында жылудың жоқтығын хабарлаған болатынбыз. Оның сыртында бірнеше медициналық мекеме мен 100-деген жекеменшік үй тұрғындары күн суығанда әлі жаурап отыр.
Құдайберген Нұрманов, қала тұрғыны:Тоңып отырмыз. Түнде киіммен жатамыз, көрпені жамылып. Бұл сұмдық қой. Әкімдік жұмыс істемейді.
Биыл Павлодар қаласындағы жылу магистральдерін ауыстыруға 5 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Жұмыс әлі кешеуілдеп жатыр. Ол аздай жылыту маусымы енді басталғанда ақ жөнделген жерлерден 500-ден аса ақау шыққан.
Арслан Қалияқбаров, қалалық ТҮКШ , автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы:56 үйде бүгінгі күнде жылу жоқ. Ол енді факт. «Павлодар жылу желісінде» бүгінгі күні дәнекерлеуші мамандар жоқ. Жалпы, жылу жүйесінің тозуы бүгінгі күні 84 пайыз шамасында болып тұр.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкімет Конституцияны ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті
06.04.2026, 20:59
Елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
06.04.2026, 20:57
Алматылықтардың 40 пайызы жыл сайын маусымдық аллергиямен күреседі
06.04.2026, 20:54
Шымкентте су арналарының айналасы қоқысқа толы
06.04.2026, 20:52
Семейде «Келешек мектептері» жобасы аясында білім ошағы ашылды
06.04.2026, 20:49
«SuperStar KZ» – Ақтауда
06.04.2026, 20:44
Азия чемпионаты: Төрт боксшымыз финалға шықты
06.04.2026, 20:41
Доллар бағамы 466 теңгеге дейін түсті
06.04.2026, 20:15