Атырау облысында шөп өртеніп, үш бала жанып кетті
Атырау облысындағы Ортақшыл ауылында қора өртеніп, 3 бала қаза тапты. Жан түршігерлік оқиға өңірге қарасты Махамбет ауданында кеше болды. Кешкі 7 жарым кезінде өрт сөндірушілерге жеке тұрғын үй ауласындағы қора-жайда шөптің жанып жатқаны туралы хабар түскен. 4 сағаттың ішінде қызыл жалын өшірілді. Бірақ, көп кешікпей түнгі сағат 12-де кәмелет жасына толмаған 3 баланың ойнауға шығып кетіп, үйге қайта оралмағаны туралы хабарланған. Өкінішке орай, өртеніп күл болған 22 дана шөптің арасынан 7 жасар екі бала мен 2012 жылғы бір баланың денесі табылды. Үшеуі - үш үйдің баласы. Қазір қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.
Жасұлан Ақтаев, ТЖД бастығының орынбасары:Шөптің арасында жанып кеткен ғой денелері.Сол кезде хабарлама түскен үш баланың жоғалып кеткені туралы. Кейін, іздестіру жұмыстары атқарылып жатқан кезде жанып кеткен күлдердің арасында табылған денелері. Өрттің себебі туралы сараптама тағайындалды.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05