Жамиля Бақбергенова Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Норвегияда күрес түрлерінен өтіп жатқан әлемдік додада жерлесіміз Жәмила Бақбергенова күміс медальді еншіледі. Жарысқа әлемнің 25 мемлекетінен келген балуандар бақ сынап жатыр. Бұл араға тоғыз жыл салып қазақстандық балуан қыздардың қол жеткізіп отырған жүлде. Бұған дейінгі төрт күмісті легионер қыздар құрама қоржынына салған болатын.
Телжан Күдеров, тілші:Жамила Бақбергенова Әлем чемпионатында 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тамаша күресті. Алғашқы іріктеу кезеңінде француз қызымен боз кілімеге шығып, белседудің бірінші бөлігінде ойсырай ұтылып жатқан. Бірақ ел намысы сынға түсіп жатқан шақта аянып қалмаған ол, соңғы сәтте жеңісті жұлып алды. Ал жартылай финалда түрік қызымен кездесті. Осыған дейін екеу ара белдесуде үш мәрте Жамила ұтылып қалған. Бұл жолы есе қайтарды көздеп және қола тұрған финалдық жолдамадан айырылып қалмас үшін өз шеберлігін паш ете біліген жерелесіміз айқын басымдылыққа қол жеткізіп, финалға шыққан. Шешуші сында кездескені байрағы қарсыласы. Бұған дейінгі төрт мәрте бақ сынап күн шығыс елінің өкілінің мерейі үстем болған. Бұл кездесу де жапон қызының жолы болып кетті. Жамила алтынға пара-пар күміспен күптелді.
Әлем чемпионаты алдағы жексенбіде мәресіне жетеді. Қазірігі таңда қазақстандық грек-рим күресіні шеберлері бақ сынауда.
Телжан Күдеров
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12