Айыртау ауданында 48 гектар алқаптың ағашы кесіледі
Солтүстік Қазақстанның Айыртау ауданында 48 гектар орман оталмақ.
Алқап қалайы өндірісімен айналысатын отандық компанияға ұзақ мерзімге жалға берілген. 18 жыл бойы зерттелген «Сырымбет» кен орны қалайы өндіретін еліміздегі жалғыз өндіріс ошағы саналады әрі Орталық Азиядағы ең ірі кен орны. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, қалайы өндірісін арттыру үшін орманды отаудан басқа жол жоқ көрінеді. Кейін 600 жұмыс орнын ашу көзделген. Компанияның орташа жылдық өнімділігі 2,5 млн. тонна.
Нұржан Садықов, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:«Сырымбет» қалайы кен орнын игеруге құқығы бар отандық инвесторға жалға берілген 48 гектар жер «Имантау-Шалқар» курорттық аймағына кірмейді. Компания екі есе көп ағаш егуге міндеттелді. Осы жоба табысты іске асса – Қазақстан әлемдегі ең ірі қалайы өндірушілердің ондығына кіреді.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15