ЕУРО-2022: Футзалдан Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды
Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатында бақ сынасатын Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды. Нидерландыда өткен жеребе тарту нәтижесі бойынша, ұлттық құрама "Б" тобында өнер көрсетеді. Қарсыластарымыз - Италия, Словения және Финляндия.
Футзалшыларымыз 20 қаңтарда Словениямен кездеседі. 24 қаңтарда Финляндиямен ойнаса, 28 қаңтарда Италиямен шеберлік байқасады. Құрлықтық дода келесі жылдың 19 қаңтары мен 6 ақпаны аралығында Нидерландының Амстердам және Гронинген қалаларында өтеді. Барлығы - 16 құрама сынға түседі.
Қазақстан футзалшылары Еуропа чемпионатына 2016 жылы алғаш рет қатысты. Ал биылғы әлем чемпионатында төртінші орын алды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12