Украинада теміржол вокзалдарында екпе салу орындары ашылды
Украинада эпидемиологиялық жағдай ушығып, тәртіп күшейтілді. Қоғамдық көлік жүргізушілері мен жолаушылардан ковид сертификаты талап етіле бастады. Теміржол вокзалдарында тегін екпе салдыру және ковидті анықтайтын жедел тестілеу орындары ашылды. Тек 18 жасқа толмаған жолаушылардан ковидке қатысты құжат талап етілмейді.
Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметі бойынша, бір тәулікте 22 мыңнан астам адамнан вирус анықталды. Індеттен бір күнде 546 адам көз жұмған.
Александр Кава, Украина қаржы министрінің орынбасары:
Жаңа жыл мен рождество мерекелері жақындаған сайын саяхаттаушылар саны еселеп артатыны белгілі. Сондықтан сақтық шараларын күшейтуіміз қажет. Ең дұрысы – алдын-ала екпе салдырып алып жол жүрген абзал. Сонда ғана ковид жұқтыру қаупі азаяды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандықтардың 73,8%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті
14.08.2026, 18:46
Қожа Ахмет Ясауи мұрасы: Кемелділік моделі және рухани сабақтастық
14.08.2026, 17:29
Қостанайда еріктілер жылыжайға 100 өсімдік түрін екті
14.08.2026, 17:28
Спортта шекара жоқ
14.08.2026, 17:26
Қостанайда жас жол инспекторларының XXI республикалық слеті өтіп жатыр
14.08.2026, 17:24
Конституцияда волонтерлік пен қайырымдылыққа ресми мәртебе берілген
14.08.2026, 17:23
Ақтөбе облысының ауданында ауданда екі тәлімбақ жұмыс істеп тұр
14.08.2026, 17:20
Дунай өзені тартылып, жалғыз АЭС жұмысы тоқтатылды
14.08.2026, 17:19