Гумилевқа арналған энциклопедия шықты
Семейде атақты тарихшы, этнолог, тарих және география ғылымдарының докторы Лев Гумилевқа арналған тұңғыш тұлғалық энциклопедия жарық көрді.
Энциклопедия Елбасының Еуразиялық идеясының 20 жылдығына арналған. Өйткені, Еуразиялық идея - Гумилев еңбектерінен бастау алады.
Бүгінде Президент идеясы кең қолдау тауып отыр. Ресейдің «Көркем әдебиет» баспасында басылған энциклопедия оқырмандарға ғалым туралы мол ақпарат береді.
700 беттік еңбектің авторы - тарих ғылымдарының докторы Ерлан Сыдықов пен филология ғылымдарының кандидаты Тұрдығұл Шаңбай.
Зиялы қауым өкілдерінің пікірінше, кітаптың мазмұны салмақты. Онда бұған дейін айтылмай келген тарихи-географиялық деректер жарияланған.
Медеу Сәрсеке, жазушы:
Бұл - тарихи оқиға. Өйткені, Гумилев тарихты теріс айналдырған адам. Бүкіл түркі тарихын, оның ішінде қазақтың тарихына қарасаң, Гумилевтың еңбегі орасан. Социализмге салып жүрген тарихқа Гумилев басқаша қарады.
Ержан ЖАҚЫП
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Желтоқсан оқиғасының шындығын жеткізген шығармалар
21.12.2025, 20:35
Елдегі демографиялық ахуал қандай?
21.12.2025, 20:20
Жаңа заң: Келесі жылы банктерге қандай талап қойылады?
21.12.2025, 20:17
Қазақстан-Жапония: Былтыр тауар айналымы 2 млрд доллардан асты
21.12.2025, 20:10
Асанәлі Әшімов – қазақ киносының аңызы
21.12.2025, 20:05
«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы: Жаңа клуб пайдалануға берілді
20.12.2025, 17:56
Құрғақ саумал шетелге экспортталуы мүмкін
20.12.2025, 17:53
72 колледждің техникалық базасы толық жаңартылды
20.12.2025, 17:50