Той жасауға тыйым салынды
Солтүстік Қазақстан облысында той жасауға тыйым салынды. Өңірде эпидахуал күрт нашарлаған. Соңғы аптада 2 мыңдай адамнан коронавирус анықталып, індет жұқтырғандар 1,7 есе көбейді. Елде індеттің таралуы бойынша Қызылжар өңірі алда тұр. Бұған негізінен карантин талаптарының сақталмауы себеп дейді мамандар. Қазан айының 15-22 аралығында мониторингтік топтар 120-ға жуық рейдтік шаралар өткізген. «Ashyq» жобасының талаптарын бұзғандарға 3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. 25 қазаннан бастап облыста шектеу шаралары күшейеді.
Әсет Жұматаев, Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:
Егер апталық ауру көрсеткіші 200 адамнан асса, біз «қара-қызыл» аймаққа ауысамыз және барлық кәсіпорындардың қызметін тоқтатуға тура келеді. Ондай болмас үшін көпшілікті қарапайым ережелерді сақтауға шақырамын. Тойға баруды тоқтатып, медициналық масканы дұрыс пайдалану керек. Әлеуметтік қашықтық сақтау да маңызды.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53