Павлодар облысында 34 ауылды ауызсумен қамту жоспары орындалмады
Павлодар облысында 34 ауылды ауыз сумен қамту көзделгенімен, жоспар толық орындалмады. Себебі, Баянауылда 9 елді мекеннің 6-ында құрылыс әлі жүріп жатыр. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 84 млн теңге және ұлттық қордан 337 млн теңге қаржы бөлінген. Ауданда орталықтандырылған су құбырларын тарту жұмыстарының мерзімінен тым кешеуілдеп жатқаны жайлы жарты жыл бұрын жаңалықтарда көрсеткен болатынбыз. Содан бері мәселе шешілмеген.
Марсель Узаков, Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
6 жоба бойынша мәселе өте күрделі. Мердігер фирмалардың салақтығы, тапсырыс беруші тарапынан бақылаудың болмауы осындай жағдайға әкелді. «Көлсай-строй» деген фирма бірнеше ауылдарға су тартып беруі керек еді. Қазір біз оларды сотқа бердік. Баянауыл ауданын сапалы ауыз сумен қамту мәселесі ерекше бақылауға алынды.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкімет Конституцияны ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті
06.04.2026, 20:59
Елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
06.04.2026, 20:57
Алматылықтардың 40 пайызы жыл сайын маусымдық аллергиямен күреседі
06.04.2026, 20:54
Шымкентте су арналарының айналасы қоқысқа толы
06.04.2026, 20:52
Семейде «Келешек мектептері» жобасы аясында білім ошағы ашылды
06.04.2026, 20:49
«SuperStar KZ» – Ақтауда
06.04.2026, 20:44
Азия чемпионаты: Төрт боксшымыз финалға шықты
06.04.2026, 20:41
Доллар бағамы 466 теңгеге дейін түсті
06.04.2026, 20:15