Бокс: Асланбек Шымбергенов алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады
Асланбек Шымбергенов бокстан Әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан жарыста жерлесіміз ирандық Фархад Моради Аташгахпен қолғап түйістірді. Қазақстандық боксшы жекпе-жекті сенімді бастады. Бірінші раунд соңына қарай қарсыласының қабағы жарылып, жарысты жалғастыра алмай қалды. Бұған дейін, жерлесіміз Сәкен Бибосынов та әлем біріншілігін сәтті бастағанын хабарлағамыз. Ол Олимпиада чемпионы, соңғы кездері кәсіпқой боксқа ауысқан өзбектің былғар қолғап шебері Хасонбой Дусматовпен кездесіп, үш раундта атой салып, айқын басымдықпен жеңді. Сонымен қатар Нұрқанат Райыс, Серік Теміржанов және Абылайхан Жүсіпов өз қарсыластарын жеңген болатын. Ал Әлем чемпионатын «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12