Эфиопияда әуе соққысынан 10 адам қаза тапты
Эфиопияның үкіметтік күштері елдің Тиграй штатына әуеден соққы беріп, кемінде 10 адам мерт болған. Мұны дәрігерлер мәлімдеп отыр. Соңғы екі аптада Премьер министр Абий Ахмед Әлидің күштері Тиграйдың әкімшілік орталығы Мекелеге әуеден 8 мәрте шабуылдаған.
Айта кетері, Эфиопияда қарулы жанжал өткен жылдың қарашасында басталды. Үкімет армиясы оппозициялық «Тиграйды азат ету ұлттық майданына» қарсы күресіп жатыр. Аталған бірлестік алдымен көптеген жылдар бойы көтерілісшілер қозғалысы болып, кейін саяси партияға айналған. Былтыр партия Тиграй штатында орталық үкіметтің рұқсатынсыз сайлау өткізді. Кейін Эфиопия билігі оппозицияны әскери базаны шабуылдады деп айыптап, оған қарсы әскери операция бастады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандықтардың 73,8%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті
14.08.2026, 18:46
Қожа Ахмет Ясауи мұрасы: Кемелділік моделі және рухани сабақтастық
14.08.2026, 17:29
Қостанайда еріктілер жылыжайға 100 өсімдік түрін екті
14.08.2026, 17:28
Спортта шекара жоқ
14.08.2026, 17:26
Қостанайда жас жол инспекторларының XXI республикалық слеті өтіп жатыр
14.08.2026, 17:24
Конституцияда волонтерлік пен қайырымдылыққа ресми мәртебе берілген
14.08.2026, 17:23
Ақтөбе облысының ауданында ауданда екі тәлімбақ жұмыс істеп тұр
14.08.2026, 17:20
Дунай өзені тартылып, жалғыз АЭС жұмысы тоқтатылды
14.08.2026, 17:19