Павлодарда балалар ауруханасында өрт шықты
Кеше түнде Павлодарда балаларға арналған облыстық инфекциялық ауруханада өрт шығып, 180 адам басқа корпусқа көшірілді. Зардап шеккендер жоқ. 17 адам дәрігер көмегіне жүгінген, оның ішінде 9-ы бала. Бірақ олардың еш жері күймеген. Түтінге тұншығып, тыныс алу қиындаған. Өрттің шығу себебі белгісіз. Болжамға қарағанда люминисценттік лампа қатты қызған болуы керек. Себебі, пластик есік пен қоршау жақтаулары балқып, өткір иіс және будақтаған қара түтін бүкіл ғимаратқа жайылған. Бықсыған түтінді өрт сөндірушілер келгенге дейін аурухана қызметкерлері сөндіріп үлгерген.
Ардақ Күзеков, облыстық балаларға арналған инфекциялық аурухананың директоры:Ешқандай жалын болған жоқ. Сол себептен біз балаларды эвакуация жасадық. Шығын жоқ.
Ал, Семейде пәтер өртеніп 4 бала құтқарылды. Үлкені 6 жаста, кішісі 6 айлық. Ата-аналары қараусыз қалдырып кеткен балаларды төтенше жағдай қызметкерлері терезеден кіріп құтқарды.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15