Анкарада айтыс өтті
Түркия астанасы Анкарада халықаралық айтыс өтіп, қазақ, түрік, өзбек, қырғыз, әзербайжан ақындары сайысқа түсті. Жыр додасына Қазақстаннан Айбек Қалиев, Бекарыс Шойбеков, Әсем Ережеқызы, Мұхтар Ниязов және Бекарыс Нұриман сынды майталман ақындар қатысты. Олар алдын-ала тартылған жеребеге сай жұптасып, қазақ, түрік, әзірбайжан тілдерінде өнерлерін ортаға салды. ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бастамасымен өткен шара төл өнерімізді түркі әлеміне танытуға бағытталған осындай алғашқы жоба. Көпшілік көңілінен шыққан айтыс өнері Анадолы жерінде енді жыл сайын өткізіліп тұрмақ.
Бекарыс Нұриман, айтыскер ақын:
Түгел түркі жиналмаса да біршама ақын жиналды. Осының өзі қуаныш деп есептейміз. Жалпы ақындық дәстүрі- айтыс, түркі даласында ежелден сақталып келе жатыр. Айтысты ақындар жалғастырып отырса, ұрпақтан- ұрпаққа жеткізіп отырса, ертеректе жыраулар жеткізді. Орта Азиядан- Анадолыға, Әзірбайжан, түрік халқы келгенімен, бұл жерде толық сақталмаса да толық жұрнақтары қалған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандықтардың 73,8%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті
14.08.2026, 18:46
Қожа Ахмет Ясауи мұрасы: Кемелділік моделі және рухани сабақтастық
14.08.2026, 17:29
Қостанайда еріктілер жылыжайға 100 өсімдік түрін екті
14.08.2026, 17:28
Спортта шекара жоқ
14.08.2026, 17:26
Қостанайда жас жол инспекторларының XXI республикалық слеті өтіп жатыр
14.08.2026, 17:24
Конституцияда волонтерлік пен қайырымдылыққа ресми мәртебе берілген
14.08.2026, 17:23
Ақтөбе облысының ауданында ауданда екі тәлімбақ жұмыс істеп тұр
14.08.2026, 17:20
Дунай өзені тартылып, жалғыз АЭС жұмысы тоқтатылды
14.08.2026, 17:19