Маңғыстау облысында 99 сынып карантинге жабылды
Қостанай облысында вакциналау жоспарлы түрде жүріп жатыр. Ал осы қараша айында мектеп оқушыларына да екпе салынады. Бұған жыл басындағы деректермен салыстырғанда жасөсіпірімдер арасында індетті жұқтыру көрсеткішінің көбеюі себеп болып отыр.
Зәуре Бәйменова, облыстық білім басқармасының басшысы:
Бізге балалардың қауіпсіздігі өте маңызды. Сондықтан ата – аналарға айтпай, тығып әлеуметтік желіде жазылып жатқандай, ондай жұмыс жүргізілмейді. Егер ата – анасының рұқсаты болса, ата-анасы өзі шешім қабылдайды, сонда ғана вакцинация балаларға жасалатын болады.
Маңғыстау облысында да оқушылар арасында ковид өршіп тұр. 99 сынып карантинге жабылды. Оқу жылы басталғалы 111 жасөспірімнен қауіпті індет анықталған. 43 бала денсаулығына қатысты шағыммен дәрігердің көмегіне жүгінген. Вирусқа шалдыққандардың басым бөлігі - Ақтау қаласының оқушылары.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03