Алматы облысында көлік апатынан бес адам қаза тапты
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Бір-біріне қарама қарсы бағытта келе жатқан екі жеңіл автокөлік соқтығысып, бірнеше адам қаза тапты. Өңірдегі тілшіміз Қуаныш Қанатұлы қазір бізбен байланысқа шығып, оқиғаның мән жайын баяндап беруге әзір.
Қуаныш Қанатұлы, тілші:Ия қайғылы оқиға бірден бес адамның өмірін жалмады. Ал жол апаты Шонжы-Ақсу-Ұзынтам тас жолының үшінші шақырымында болған. Бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан Ауди және Ниссан көліктері соғылып, екі көлік те бірден отқа оранған. Көлік жүргізушілері мен бір жолаушы сол жерде жан тәсілім етсе, тағы үш жолаушы Шонжы ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізілген. Алайда жолаушылардың алған жарақаттары өте ауыр болып, тағы екі адам қайтыс болды. Қазір дәрігерлер жансақтау бөліміндегі бес жасар қыздың өмірі үшін күресіп жатыр. Тәртіп сақшылары оқиғаны Қылмыстық кодекстің 345 бабы бойынша тіркеуге алып, барлық қажетті сараптамалар жасап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14