ДДСҰ коронавирусқа қарсы құптаған вакцина саны 7-ге жетті
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирусқа қарсы құптаған вакцина саны 7-ге жетті. Халықаралық орган Үндістанда жасалған «Коваксин» екпесін шұғыл жағдайларда қолдануға рұқсат берді. Бұл препарат кірісі төмен елдер үшін тиімді, себебі оны сақтау оңай. «Коваксин» инактивтендірілген «SARS-CoV-2» антигенімен жасалған. Әрі оны 18 жастан асқандарға ғана қолдануға болады. Үндістандық вакцинаның тиімділігі - 78 пайыз.
Салыстыра кетсек, «Файзер» екпесінің тиімділігі 90 пайыздан жоғары. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қолдаған вакциналар арасында «Коваксинмен» бірге «Файзер», «Модерна», «AstraZeneca», «Джонсон энд Джонсон», «Синофарм» мен «Синовак» бар. Ал «Спутник V» препараты әлі тексерістен өтіп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚазақстандықтардың 73,8%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті
14.08.2026, 18:46
Қожа Ахмет Ясауи мұрасы: Кемелділік моделі және рухани сабақтастық
14.08.2026, 17:29
Қостанайда еріктілер жылыжайға 100 өсімдік түрін екті
14.08.2026, 17:28
Спортта шекара жоқ
14.08.2026, 17:26
Қостанайда жас жол инспекторларының XXI республикалық слеті өтіп жатыр
14.08.2026, 17:24
Конституцияда волонтерлік пен қайырымдылыққа ресми мәртебе берілген
14.08.2026, 17:23
Ақтөбе облысының ауданында ауданда екі тәлімбақ жұмыс істеп тұр
14.08.2026, 17:20
Дунай өзені тартылып, жалғыз АЭС жұмысы тоқтатылды
14.08.2026, 17:19