Алматы облысында жол апатынан зардап шеккен қыз баланың жағдайы ауыр
Алматы облысында жан түршігерлік жол апатынан зардап шеккен бес жасар қызға арнайы мамандар шақыртылды. Еске сала кетсек, кеше Шонжы-Ақсу-Ұзынтам тас жолында екі көлік соғылып, отқа оранған болатын. Бес адам қайтыс болып, бір бала аман қалған. Қазір оның жағдайы ауыр. Аяқ-қолдары сынып, бас-ми жарақатын алған. Іш құрылысына қатты зақым келген. Жедел ота жасалып, көк бауырын алып тастауға тура келді, дейді мамандар. Облыстық балалар ауруханасынан білікті дәрігерлер шақыртылып, баланы аман алып қалуға барын салып жатыр.
Әнуар Рашидов, Ұйғыр аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:Нейрохирург дәрігер, травматолог, реаниматолог дәрігерлер келіп, барлықтарының көмектерінің арқасында қазір бала тірі. Жағдайы ауыр болса да тұрақтанып қалды.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Таза Қазақстан» жайлы ашық сабақ өтті
18.09.2026, 13:20
Жапонияда Азия ойындарының ашылу рәсіміне дайындық аяқталып қалды
18.09.2026, 13:17
Ақтөбе облысында екі жыл ішінде 39 ауыл газға қосылды
18.09.2026, 13:12
Қазақстан инвестиция тартуда жаңа тәсілге көшті
18.09.2026, 13:09
ЖИ ғылымға жүйелі енгізіледі
18.09.2026, 13:06
Тараздық ұстаз 16 мың кітап оқыған
18.09.2026, 13:03
Жылдың үздік 10 оқырманына 10 млн теңге беріледі
18.09.2026, 13:00
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09