Түркістанда ұлттық спорт түрлері дәріптелді
Түркістан облысы Сауран ауданында ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті. «Сәлем саған, Түркістан!» атты фестиваль аясында 4 қала мен ауданның спортшылары көкпар, теңге ілу, қыз қуу, жамбы ату жəне лəңгі тебуден жарысты. Сонымен бірге құсбегілер мен тазы баптаушылар да жұртшылыққа көне дәстүрден сыр шертті.
Қыраны қалықтап, тазысы оқтай зулаған түркістандықтар өңірде төл мәдениетімізді жалғастырушылар бар екенін аңғартты. Жарыс жолына шыққандар көрермендердің делебесін қоздырып, өзара шеберліктерін байқатты. Көкпаршылар мықтылығын паш етсе, мергендер жамбыны көздеп атуға тырысты. Ұлттық ойындарды шетелдік қонақтар мен отандық саяхатшылар да келіп тамашалап, тәнті болды.
Әли Фалк Демир, Түркия елінің азаматы:
Түркістанға екінші рет келуім. Мұндай шараны алғаш рет көріп тұрмын. Көңілімнен шықты. Бұған дейін қазақтың ұлттың ойындарын тек телеарнадан көргенмін. Түркияда осыған ұқсас ұлттық ойындар бар, бірақ мұнда ойын ережелері басқаша екен. Ерекше әсер алдым, ұйымдастырушыларға рахмет!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12