Түркістан облысында 1 жарым мың гектар алқаптан көктемнен бері үш рет өнім алды
Еліміздің өзге аймақтарында қар жауып, қыстың ызғары басталған тұста түстіктің шаруалары күзгі жиын-терімге кірісті. Жердің бабы мен күн райының қолайлы кезеңін үйлестіре білген Келес ауданының диқандары ашық алқаптан көктемнен бері үшінші рет өнім жинауда. Ғылыми негізделген жаңашыл әдістің арқасында жермен жан баққан ауылдағы ағайынның табысы еселеніп, өнімділік артты.
Райымбек Тастеміров қазір үшінші рет егілген дақылының өнімін жиып жатыр. Бұған дейін ерте көктемде шалғам, онан кейін қызылша егіп, өнімін теріп алды. Небәрі жарты гектар егістіктен 2 мың келі шалғам, онан кейін 12 тонна қызылша өсіп шықса, енді қара күзде жерден 80 тоннадан астам қырыққабат жиып алмақ. Онысын Ресейге экспортқа жібергелі жатыр.
Райымбек Тестеміров, диқан:Уақытында егіп, уақытында жинап отырсаңыз, дәрі-дәрмегін беріп, жақсылап үдесінен шықсаң тоннажды жақсы береді. Бұл жерде суды да үнемдейсің. Шығының да аз болады.
Биыл аудандағы 316 шаруашылық осы тиімді тәсілді пайдаланып, жерден үш рет өнім алды. Тың технологиямен 1 мың 400 гектар алқап игерілді. Диқандар күн райының жылы кезін оңтайлы пайдалану үшін ашық алқапқа отырғызылатын дақылдардың көшетін жылыжайда өсіріп уақыттан ұтты.
Диқандар алғашқы егістен 41 мың тонна өнім жинаса, екінші рет егілген дақылдардан 1 жарым мың тонна өнім өндіріп, табысын еселеді.
Ақментай Есбаев, Келес ауданының әкімі:Ауыл шаруашылығы өнімі көлемінің өзі 37 миллиардтан 48 миллиардқа артты бір жылдың ішінде. Ал биылғы жылы 53 миллиардқа жеткіземіз деген жоспарымыз бар. Пайызбен айтатын болсақ, 120-130 пайызға артып отыр.
Осылайша ауданда өндірілетін өнімнің 70 пайызы ауыл шаруашылығының үлесіне тиіп отыр. Өнім көлемінің артуына байланысты енді аймақта өнімді сақтауға арналған қоймаларды көбейту міндеті тұр. Оны жүзеге асыру үшін инвесторлармен келісім жасалуда.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза көмір» технологияларына көшу жұмысы жеделдей түседі
19.12.2025, 20:59
Отандық тарихтың Қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
19.12.2025, 20:58
Цифрландыру - 2025 жылдың басты жетістігі
19.12.2025, 20:57
Сарапшы: Жасанды интеллект дәуірінде медианың этикасы қалыптасуы керек
19.12.2025, 20:56
Астанада жаңажылдық шыршалардың шамы жағылды
19.12.2025, 20:50
Биыл елімізде 2,8 млн ағаш отырғызылды
19.12.2025, 20:48
Ақтөбеде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» форумы өтті
19.12.2025, 20:45
«Астана» ХҚО соты және ХТО жылды қорытындылады
19.12.2025, 20:13