Алматы облысындағы Еңкөл су қоймасынан қауіп жоқ
Алматы облысының Нұрым ауылының маңында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Еңкөл су қоймасында толқын көтеріліп, тұрғындарды үрейлендірді. Арнайы комиссия құрылып, оқиға орнына барып, жағдайды бағамдады. Айтуларынша, судан қауіп-қатер жоқ. Қазір су қоймасына бастан-аяқ жөндеу жүргізіліп, ондағы жиналған су толығымен ағызылды. Нұрым елдімекенінде 140-қа жуық түтін, 750-дей тұрғын бар. Ауыл жасанды көлден 7 шақырым жерде орналасқан.
Ғалиасқар Сарыбаев, Кербұлақ ауданының әкімі:1973 жылы салынған тоспа болатын. Соған 2021 жылы күрделі жөндеулер өткізіліп жатыр. Авариялық түрде, күнделікті өтетін транзиттік түрде суды жіберді. Бүгінгі күнде халыққа келетін қауіп қатер жоқ.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14