Болгарияның батысында автобус апатынан 45 адам қаза тапты
Болгарияның батысында автобус апатынан 45 адам қаза тапты. Марқұм болғандардың арасында 12 бала бар. Автобуста бас-аяғы 52 жолаушы болған. Олардың жетеуі өртке оранған көліктің терезесін сындырып, жерге секіріп түсіп, аман қалды.
Жолаушылардың барлығы - Стамбулдағы демалыстан кейін Солтүстік Македонияға бара жатқан туристер. Жапа шеккендер ауруханаға жеткізілді. Көбінің беті мен тыныс алу жолдарын күйік шалған.
Қайғылы оқиға ел астанасы Софияға жақын орналасқан ауыл жанындағы автострадада болған. Автобус жолдың жиегіндегі темір қоршауға соғылып, өртенген. Тергеушілердің мәліметінше, апатқа жүргізушінің қатесі немесе техникалық ақау себеп болуы мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Талдықорғанда тұрғын үйлер жөнделіп жатыр
11.08.2026, 10:12
Ыстанбұлда Абай күні аталып өтті
11.08.2026, 10:09
Олимпиада чемпиондарымен 10 мың қадам
11.08.2026, 10:07
Мажарстан депутаты: Құрылтай сайлауы-демократияның дәлелі
11.08.2026, 10:03
Түркия парламенті Күрдістан Жұмысшылар Партиясын таратуға негіз болаты заң қабылдады
11.08.2026, 10:02
Колумбияда қуаты 7,4 баллдық зілзаладан 132 адам қаза тапты
11.08.2026, 09:57
Бірқатар өңірде аптап ыстық болады
11.08.2026, 09:53
Жол ережесін бұзғандарды дрондар анықтайды
11.08.2026, 09:52