Басты Жаңалықтар Жол ережесін бұзғандарды дрондар анықтайды

Жол ережесін бұзғандарды дрондар анықтайды

Жол ережесін бұзғандарды дрондар анықтайды. Ішкі істер министрлігі цифрлық бақылау арқылы бақылауды күшейтіп жатыр. Мәселен қазір жолдағы тәртіпті дрондар, патрульдік көліктердегі мобильді кешендер, орташа жылдамдықты бақылау жүйелері және лазерлік құрылғылар арқылы қадағалау қолға алынған. Олар жылдамдықты асыру, ұялы телефон пайдалану, жаяу жүргіншіге жол бермеу және басқа да жол ережесін бұзу деректерін автоматты түрде тіркейді. Орташа жылдамдықты бақылау жүйесі республикалық маңызы бар 12 бағытта жұмыс істейді. Ал лазерлік құрылғылар жүргізушінің шаршағанын немесе ұйқылы күйде отырғанын дер кезінде анықтайды. Министрлік мәліметінше, бұл шаралардың барлығы жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Бөлісу