Ыстанбұлда Абай күні аталып өтті
Абай күні Түркияда да аталып өтті. Ыстанбұл қаласындағы Абай алаңында ақынның туған күніне орай қазақ ұйымдарының басшылары мен зиялы қауым өкілдері жиналды. Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығының мұрындық болуымен өткен шарада хакім Абайдың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы әңгіме өрбіді. Қазақтың белгілі дәстүрлі әншісі Сәуле Жәмпейісова Абай әндерінен шағын концерт ұсынды. Түркиялық қазақ жастары да өз өнерлерін көрсетті. Қазақтар тығыз қоныстанған Зейтінбұрны ауданындағы Абай ескерткішінің алды бүгінде қандастарымыз әрдайым бас қосатын жерге айналған.
Орхун Акдағ, Түркиядағы Қазақ ұйымдары қауымдастығының төрағасы:
Абай тек Қазақстанда емес түркі мемлекеттерінің бәріне маңызды тұлға. Идеясымен бірге. Түркі мемлекеттерінің барлығы үшін жасаған адам. Осы жерде әкімшілікпен бірге, консулдығымызбен бірге, барлық қазақ ұйымдарымен бірігіп мына жерде жақсылап ұйым жасадық.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанға Бельгиялықтар Королі мен Патшайымы мемлекеттік сапармен келеді
11.10.2026, 19:39
Аваза саммиті: Қазақстан қандай бастамалар көтерді?
11.10.2026, 18:30
Контенттен кәсіпке дейін: Әлеуметтік желіні қалай тиімді пайдалануға болады?
11.10.2026, 18:05
Зейнетақыны есептеу: Зейнетке шығарда нені ескеру керек?
11.10.2026, 17:58
Ұ. Мырзуанның өліміне қатысты сот ісі прокуратураға қайтарылды:Тағы кімдер жауапқа тартылады?
11.10.2026, 17:45
Жасанды интеллект егістікке жетті: Қазақстандық шаруалар жаңа технологияны қалай игеріп жатыр?
11.10.2026, 17:21
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15