Бірқатар өңірде аптап ыстық болады
Бүгін Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі. «Қазгидромет» дауылды ескерту жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, Маңғыстау облысында 44 градусқа дейін ыстық болады. Түркістан және Қызылорда облыстарында 43 градус, ал Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында 41 градусқа дейін ысуы мүмкін.
Елдің басым бөлігінде ыстық болса, таулы аймақтарда нөсер болуы ықтимал. Көптеген облыстарда өрт қаупі өте жоғары деңгейде. Сондықтан мамандар тұрғындарға аптап ыстық кезінде далада ұзақ жүрмеуге, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанға Бельгиялықтар Королі мен Патшайымы мемлекеттік сапармен келеді
11.10.2026, 19:39
Аваза саммиті: Қазақстан қандай бастамалар көтерді?
11.10.2026, 18:30
Контенттен кәсіпке дейін: Әлеуметтік желіні қалай тиімді пайдалануға болады?
11.10.2026, 18:05
Зейнетақыны есептеу: Зейнетке шығарда нені ескеру керек?
11.10.2026, 17:58
Ұ. Мырзуанның өліміне қатысты сот ісі прокуратураға қайтарылды:Тағы кімдер жауапқа тартылады?
11.10.2026, 17:45
Жасанды интеллект егістікке жетті: Қазақстандық шаруалар жаңа технологияны қалай игеріп жатыр?
11.10.2026, 17:21
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15