Чемпиондар және Еуропа лигасы «Qazaqstan» мен «Qazsport» арналарында көрсетіледі
«Qazaqstan» мен «Qazsport» арналары ел аумағында Чемпиондар және Еуропа лигасы көрсетілімінің эксклюзив құқық иесі. Келер жылы да кәрі құрлықтың басты футбол бәсекесі біздің телеарналардың тікелей эфирінде көрсетіледі. Қазақстандық футбол жанкүйерлері жыл сайын Еуропаның ең үлкен клубтарының тартысты кездесуін тамашалау мүмкіндігіне ие. Телетрансляция құқығын иелену үшін ұзақ келіссөздер жүргізілді. Заңға сәйкес Қазақстан аумағында бұл турнирлердің көпшілікке арналған көрсетілімі «Qazsport» пен Ұлттық арна арқылы көрсетілуі тиіс.
Сәуле Ізбасқанова, «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бас заң кеңесшісі:
«Qazaqstan» мен «Qazsport» арналары - эксклюзив құқық иелері. Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының кездесулері көпшілік жерлерде, яғни спорт-барлар мен кафелерде, алаңдардағы жария көрсетілімдер тек біздің арналар арқылы көрсетілуі керек. Егер де басқа арналар арқылы трансляциялау деректері анықталған жағдайда біздің корпорация өз құқықтарын қорғау үшін қолданыстағы авторлық және сабақтас құқықтар туралы Заңына және Азаматтық және Қылмыстық кодекстеріне сәйкес құзыретті органдарға жүгінуге құқылы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12