Батыс Қазақстанда мейірбике он жыл бойы жалған дипломмен жұмыс істеп келген
Батыс Қазақстанда мейірбикенің он жыл бойы жалған дипломмен жұмыс істегені анықталды. Жаңақала аудандық ауруханасында қызмет ететін оның бұл әрекеті аккредитациялау кезінде әшкере болды. Мекеме басшысы сол бойда полицияға хабар берген. Бірақ осы уақыт аралығында медбикеге қатысты тұрғындардан ешқандай шағым түспеген. Ал қазір бала күтіміндегі әйел дипломның түпнұсқасын жоғалтып алғанын айтып, өз еркімен жұмыстан кетуге арыз берген.
Лунара Аманғалиева, облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметкері:
Аталған факті бойынша қазіргі таңда ҚР ҚК 385-бабы 3-бөлігі, яғни жалған құжаттарды қолдан жасау немесе өткізу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша кінәлі тұлғаға 466 мың теңге мөлшерінде айыппұл салу не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы қарастырылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Талдықорғанда тұрғын үйлер жөнделіп жатыр
11.08.2026, 10:12
Ыстанбұлда Абай күні аталып өтті
11.08.2026, 10:09
Олимпиада чемпиондарымен 10 мың қадам
11.08.2026, 10:07
Мажарстан депутаты: Құрылтай сайлауы-демократияның дәлелі
11.08.2026, 10:03
Түркия парламенті Күрдістан Жұмысшылар Партиясын таратуға негіз болаты заң қабылдады
11.08.2026, 10:02
Колумбияда қуаты 7,4 баллдық зілзаладан 132 адам қаза тапты
11.08.2026, 09:57
Бірқатар өңірде аптап ыстық болады
11.08.2026, 09:53
Жол ережесін бұзғандарды дрондар анықтайды
11.08.2026, 09:52