Сомалиде болған жарылыстан 8 адам қаза тапты
Сомали астанасы Могадишода жарылыс болып, 8 адам қаза тапты. 17 тұрғын жараланып, ауруханаға жеткізілген. Олардың халі мүшкіл. Жапа шеккендердің 13-і - мектеп оқушылары. Жарылысты «әл-Каида» террористік ұйымымен байланыстағы «әш-Шабаб» тобы өз мойнына алды. Олар шабуылды Африкалық одақтың Сомалидегі бітімгершілік миссиясы қызметкерлеріне қарсы бағыттаған.
Көлікке қойылған бомбаны жанкешті-лаңкес іске қосты. Одан бірнеше ғимаратқа зақым келді. Тағы бір мәліметтерге сай, жарылыстан кейін атыстың жаңғырығы естілген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Талдықорғанда тұрғын үйлер жөнделіп жатыр
11.08.2026, 10:12
Ыстанбұлда Абай күні аталып өтті
11.08.2026, 10:09
Олимпиада чемпиондарымен 10 мың қадам
11.08.2026, 10:07
Мажарстан депутаты: Құрылтай сайлауы-демократияның дәлелі
11.08.2026, 10:03
Түркия парламенті Күрдістан Жұмысшылар Партиясын таратуға негіз болаты заң қабылдады
11.08.2026, 10:02
Колумбияда қуаты 7,4 баллдық зілзаладан 132 адам қаза тапты
11.08.2026, 09:57
Бірқатар өңірде аптап ыстық болады
11.08.2026, 09:53
Жол ережесін бұзғандарды дрондар анықтайды
11.08.2026, 09:52