Сырдария: Автокөлік суға түсіп кетіп, бір адам қайтыс болды
Қызылордада жеңіл автокөлік Сырдария өзеніне батып кетті. Онда екі адам болған. Көлік ішіндегі жолаушы өз күшімен судан шығып үлгерген. Дәл қазір оқиға орнынан Әділбек Серікұлы тікелей байланысқа шығуға әзір.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Оқыс жағдай түнгі төрттің шамасында қаланың маңында болды. Өкінішке қарай, көлік жүргізушісі қайтыс болған. Дарияға батқан «Daewoo Nexia» маркалы автокөлігін құтқарушылар таңға дейін су түбінен іздеп тапты. Сүңгуірлер алдымен 27 жастағы азаматтың мүрдесін судан алып шыққан. Артынша арнайы техниканың көмегімен көлік те жағалауға шығарылды. Осы қайғылы жағдайға байланысты полиция тарапынан қылмыстық іс қозғалып, мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары басталып кетті.
Мейрамбек Доспенбетов, облыстық ТЖД жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары:
Жалпы, өңірде мұндай оқыс оқиға алғаш емес. Осыдан бірнеше ай бұрын Шіркейлі каналына «Toyota Camry» автокөлігі ауып кетіп, екі қыз ажал құшқан болатын.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15