Петропавл халықаралық әуежайы жұмысын тоқтатуы мүмкін
Бір аптадан соң Петропавл халықаралық әуежайы жұмысын тоқтатуы мүмкін. Теріскейдегі тілшіміз Эльмира Кәленова қазір студиямен тікелей байланыста.
Қазақстан Авиация әкімшілігі Петропавл әуежайының жарамдылық сертификатын 10 желтоқсаннан бастап тоқтату туралы шешім шығарды. Әуе компанияларының бірі бұл ақпаратты ресми сайтында жариялап, жолаушыларға алдын-ала сатып алған билеттердің толық құны қайтарылатынын жеткізді.
Мақсат Баяхмет, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жетекшісі:Авиация әкімшілігі бірқатар ескертулер жасады. Сертификат мерзімін ұзарту үшін сол нұсқауларды орындау керек. Нақтырақ айтсақ, ұшақтардың үстіне мұз қатпас үшін пайдаланылатын материал сатып алу және әуежайды тиісті мамандармен қамту. 10-шы желтоқсанға дейін бұл мәселелер шешіледі деп ойлаймын. Сондықтан әуежай жұмысы тоқтатылмауы да мүмкін.
Петропавл халықаралық әуежайынан жолаушылар Нұр-Сұлтан, Алматы және Түркістан қалаларына қатынап келді. Әуе жолы қызметін күніне орта есеппен 150 адамға дейін пайдаланатын.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15