Арқалық қаласының тұрғыны киіктің мүйізін саудалағаны үшін 7 жылға сотталды
Қостанай облысында жүзге тарта киіктің мүйізін сатпақ болған Арқалық қаласының тұрғыны 7 жылға сотталды. Жазаға кесілген азаматтың өзі ақбөкендерді қорғауы тиіс «Алтын дала» резерватында қызмет еткен. Ол мүйіздерді өлген киіктерден кесіп алғанын айтқан. Яғни жануарларды өзі өлтірмеген. Әйтсе де оның бұл уәжі сот үкімін жеңілдетпеді. Жыл басынан бері облыста заңсыз аңшылыққа байланысты барлығы 8 қылмыстық оқиға тіркелген.
Рүстем Қаркенов, облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы:7 жылға сотталған азамат бас бостандығынан айырылғанының сыртында 142 млн теңге табиғатқа келтірілген залалды өндіріп беруге міндеттелді. Яғни осы шығынды қайтармай, оған мерзімінен бұрын босап шығуға да мүмкіндік жоқ. Сондықтан азаматтарға заңсыз аңшылықтың зардабы ауыр болатынын ескертеміз.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14
АҚШ әскерилері Иранның Кешм аралына соққы берді
03.11.2026, 20:13
Пәтер алып беремін деп 227 адамды алдап соққан
03.11.2026, 20:10
Елдегі 11 ірі банк тексеріледі
03.11.2026, 20:05
Әсел Жанасова ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026, 20:03