Еуропалық одақта ковидке қарсы жаңа вакцина бекітілді
Америкалық «Novavax» компаниясының Ковидке қарсы вакцинасы Еуропада бекітілді. Еуропалық дәрі-дәрмек жөніндегі агенттік «Нуваксовид»деп аталатын екпені Еуропалық Одақ елдерінде қолдануға рұқсат етті. Екі дозалық препарат жаңа жылдан бастап 18 жастан асқан азаматтарға салынады. Нуваксовидтің құрамы гепатит В мен көкжөтелге қарсы қолданылып жүрген вакцинаның құрамына ұқсас-дейді мамандар. Дәстүрлі технологияға негізделген препаратты тоңызытқышта 2 ден 8 градусқа дейінгі температурада сақтауға болады. Бұл Еуропалық Одақ елдерінде Пфайзер, Модерна, Джонсон, Астра Зенекадан кейін қолдануға рұқсат етілген бесінші вакцина.
Дэвис Наджауи, Бельгиядағы екпе орталығының дәрігері:
Ковидке қарсы вакцинаға күмәнмен қарап, екпе құрамындағы қоспаларға күдіктенгендер енді осы препаратқа сенеді деген сенімдеміз. Себебі, мұның технологиясы жылдар бойы жұқпалы ауруларға қарсы қолданып келе жатқан дәстүрлі екпелерге ұқсас. Біз ағзаға бірден ақуызды енгіземіз. Ол жасушалардың вирусқа қарсы иммунитет қалыптастыруын қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
3. Бір апта ішінде картоп, қырыққабат және алма арзандады
14.08.2026, 11:39
Сайлау-2026: Сарапшылар бағдарламалар мен партиялар арасындағы бәсекелестіктің ерекшеліктерін талқылады
14.08.2026, 10:18
Брюссель алаңына гүлден кілем төселді
14.08.2026, 10:06
Рыбакина Швентекке есе жіберді
14.08.2026, 10:05
Жошы ұлысын зерттеудің жол картасы жасалады
14.08.2026, 10:04
Астанадағы екі мемлекеттік архивке «Ұлттық» мәртебесі беріледі
14.08.2026, 10:02
Солтүстікке 3 мың адам қоныс аударды
14.08.2026, 09:59
Агроэкспорт көлемі рекордтық көрсеткішке жетті
14.08.2026, 09:57