Түркия өзінің отандық вакцинасын шығарды
Түркия коронавирусқа қарсы өз вакцинасын жасап шығарды. «Турковак» деп аталатын екпені жасау үшін түрік ғалымдары былтырдан бері жұмыс істеді. Жаңа вакцина келесі аптада жаппай егіле бастамақ.
Айдос Әшімұлы, тілші:
Турковак вакцинасы инактив, яғни өлі вирустан жасалған. Клиникалық қолданудан бұрын бір жарым жыл ішінде Турковак еріктілерге үш мәрте сынама ретінде егіліп, коронавирустың альфа вариантына 100 пайыз қарсы тұра алатыны анықталған. Коронавирустың омикрон сияқты өзге де түрлеріне қаншалықты әсері болатыны жөнінде қазір зерттеулер жүріп жатыр. Түркия денсаулық сақтау министрінің мәліметінше ғалымдар жергілікті вакцина жасау жұмыстарына 20 ай бұрын кіріскен.
Фахреттин Қожа, Түркия денсаулық сақтау министрі:
Бүгін жаппай өндірісті бастадық. 50 жылдан кейін алғаш рет Түркия 100 пайыз отандық вакцина жасап шығарды. Осылайша КОВИД вакцинасын өндіретін 9 елдің бірі болдық. Қазір вакциналар құтыларға құйылып, қалаларымызға жеткізіле бастады. Келесі аптада жаппай емханаларға таратылады.
Айдос Әшімұлы, тілші:
Министрдің айтуынша Турковак вакцинасын тіркеу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына өтініш берілген. Қазір ол қарастырылып жатыр. Ал елде бүгінге дейін 18 жастан асқан азаматтардың 82 пайыздан астамы екпе алған. Қазір елде тәулік сайын 19-20 мың адамнан вирус анықталуда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сайлау-2026: Сарапшылар бағдарламалар мен партиялар арасындағы бәсекелестіктің ерекшеліктерін талқылады
14.08.2026, 10:18
Брюссель алаңына гүлден кілем төселді
14.08.2026, 10:06
Рыбакина Швентекке есе жіберді
14.08.2026, 10:05
Жошы ұлысын зерттеудің жол картасы жасалады
14.08.2026, 10:04
Астанадағы екі мемлекеттік архивке «Ұлттық» мәртебесі беріледі
14.08.2026, 10:02
Солтүстікке 3 мың адам қоныс аударды
14.08.2026, 09:59
Агроэкспорт көлемі рекордтық көрсеткішке жетті
14.08.2026, 09:57
Шымкенте жол ережесін бұзып, оны әлеуметтік желіге жүктеген тұрғын қамауға алынды
14.08.2026, 09:56