Шымкентте карантиндік шектеу мерзімі ұзартылды
Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантиндік шектеу мерзімі тағы да ұзарды. Мегаполистің бас санитарлық дәрігерінің қаулысында «Ashyq» жобасын қолданбай жұмыс істейтін орындарда көпшіліктің жиналуына тыйым салынған.
Мұндай жерлерде тұрғындар маска тағу, арақашықтықты сақтау және антисептик пайдалануға міндетті. Ал шаһар басшылығына көпшілік жиналатын орындарда күнделікті залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу жүктеліп отыр.
Жаңа қаулыға сәйкес енді таңертең және кешкі уақыттағы қарбалас кезінде қоғамдық көліктер саны көбейтіледі. Бұл транспортта жолаушылар шоғарын азайту үшін жасалуда. Санитарлық талаптар аймақта эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанға дейін сақталады.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14