Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңгеге дейін арзандайды
Үкімет газ бағасын реттейтін болды. Маңғыстау облысында сұйытылған мұнай газының құны 50 теңгеге арзандатылады. Үкіметтік комиссияның төрағасы Ералы Тоғжанов осылай деп мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде бұған дейін литрі 85-90 теңгеден сатылып келген сұйытылған газдың бағасы 120 теңгеге бір ақ көтерілген. Осыған байланысты жергілікті тұрғындар наразылық білдіріп, бағаны түсіруді талап етті.
Көлік отыны құнының шарықтап кетуіне байланысты өңір тұрғындары наразылық акциясына шықты. Наразы топ өтініш-тілектерінің орындалуын талап етіп, әкімдік алдына жиналды. Қалыптасқан жағдайға байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкіметтік комиссия құрылып, газдың бағасы 85-90 теңгеге арзандатылды. Наразылық білдірген тұрғындармен өңір басшысы Нұрлан Ноғаев кездесіп, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі газ құю бекет иелеріне қатысты бағалық сөз байласу бойынша тергеу басталғанын жеткізді.
Осы мәселеге қатысты Мәжіліс депутаттары мен қоғам белсенділерінен тұратын қоғамдық штаб құрылды. Олар бұқараның талап-тілегін Үкіметке жеткіземіз деп мәлімдеме жасады. Ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған Үкіметтік комиссия Ақтауға барды. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған комиссия өкілдері белсенді топ мүшелерімен келіссөз жүргізді.
Үкіметтік комиссияның мүшелері әкімдік алдындағы Ынтымақ алаңына жиналған тұрғындармен кездесті. Онда белсенді топпен жүргізілген келіссөздер аясында қабылданған шешім жарияланды. Яғни бұдан былай газдың литрі-50 теңгеден болады. Мұндай шешімге Қазмұнайгаз ұлттық компаниясының әлеуметтік жауапкершілігі аясында қол жеткізілген. Сондай-ақ, наразылыққа шыққандар жауапқа тартылмайтына кепілдік берілді. Тараптар туындаған мәселелерді заң аясында диалог арқылы шешуге келісті.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15