Басты Жаңалықтар Алматы облысында 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай енгізілді

Алматы облысында 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай енгізілді

Президент Жарлығымен Алматы облысында да төтенше жағдай енгізілді. Өңір халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдай бүгін күндізгі 12.30-дан басталып, 19 қаңтар түнгі 12.00-ге дейін жалғасады. Жарлыққа сәйкес, Төтенше жағдай кезінде комендатура құрылып, оның комендаты болып облыстық Полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев тағайындалды. Түңгі сағат 23.00-ден таңғы сағат 7.00-ге дейін комменданттық сағат енгізілді. Азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттары мен жеке қосымша заттары тексеріледі. Облыс аумағына кіріп-шығу шектеледі, бейбіт жиындарды, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады. Қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен арнаулы құралдар сатуға тыйым салынады.

Қуаныш Қанатұлы


Бөлісу