Қызылордада бұзақылар шабуыл жасаған облыстық әкімдік бүгін жұмысын қайта жандандырды
Қызылордада жағдай тұрақталып, құзырлы органдар қоғамдық тәртіпті толық бақылауына алды. Бұзақылар шабуыл жасаған облыстық әкімдік бүгін жұмысын қайта жандандырды. Қалада полиция мен әскери жасақ антитеррор операциясын жалғастырып жатыр. Осы уақытта жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деген 80 адам қамауға алынды.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Қалада болған бассыздыққа қатысты Полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті. Қазіргі таңда күдікке ілінген 80 адамның іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, олардың қылмысқа бар-жоғы анықталып жатыр. Облыста қауіптің «қызыл» деңгейі енгізіліп, шаһар төңірегінде 5 блок-бекет қойылды. Антитеррор операциясы аясында 5 қаңдарда ойран салған қылмыстық топтың белсенділері іздестірілуде. Айта кетейік, бүлікшілер шабуылы кезінде 9 нысан өртенді. Бұдан бөлек полицияның 24 қызметтік көлігі отқа оранып, 8-і зақымданған. ТЖ байланысты кешеден бері қоғамдық көлік тоқтады. Ірі сауда орындары, мейрамхана, спорт кешендері уақытша жабылды.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15