Қызылорда облысында 27 блокбекет қойылды
Қызылорда облысында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында блокбекеттер саны 5-еуден 27-ге ұлғайтылды. Енді қалада ғана емес аймақтағы барлық аудан орталығына кіріп-шығатын автокөліктер тексеруден өтеді.
Әділбек Серікұлы, тілші:Өңірде полиция мен әскери жасақтың «Антитеррор» операциясы әлі де жалғасуда. Қоғамда құқықтық тәртіп орнағанымен, құзырлы органдар ізін жасырып үлгерген бүлкішілерді әлі де іздестіріп жатыр. Жалпы полицейлер күшейтілген режимде бақылау жүргізуде. Шаһарда қауіп сейілген соң, тұрғындар қалыпты өмірге орала бастады. Бүгін қоғамдық көлік қайта жанданып, ауданаралық автобустар жолға шықты. Сондай-ақ осыған дейін шағын азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істесе, таңертеңнен бастап үлкен базарлар да ашылды. Дәл қазір облыс әкімінің баспасөз хатшысы Абай Тағыберген біздің сауалымызға жауап беру үшін менің жанымда тұр.
Өңірде халыққа қызмет көрсететін нысандар қалай жұмыс істеп жатыр?
Абай Тағыберген, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:Бүгінде облысымызда жағдай тұрақты. Әуежай жұмысы жанданды. Әуежайға тек билеті бар азаматтар кіре алады. Бүгіннен бастап банкоматтары жұмыс істеуде.
Әділбек Серікұлы, тілші:Қазіргі таңда ең басты міндет халықтың қауіпсіздігі, қоғамның тыныштығы. Бұл бағытта, облыс бойынша блокбекеттер саны 27-ге көбейіп отыр.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкімет Конституцияны ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті
06.04.2026, 20:59
Елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
06.04.2026, 20:57
Алматылықтардың 40 пайызы жыл сайын маусымдық аллергиямен күреседі
06.04.2026, 20:54
Шымкентте су арналарының айналасы қоқысқа толы
06.04.2026, 20:52
Семейде «Келешек мектептері» жобасы аясында білім ошағы ашылды
06.04.2026, 20:49
«SuperStar KZ» – Ақтауда
06.04.2026, 20:44
Азия чемпионаты: Төрт боксшымыз финалға шықты
06.04.2026, 20:41
Доллар бағамы 466 теңгеге дейін түсті
06.04.2026, 20:15