Шымкент «қызыл аймаққа» енді
Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдай қайта ушығып, мегаполис "қызыл аймаққа" енді. Бас аяғы екі аптаның ішінде 1 мың 200-ден астам адам қатерлі індетті жұқтырған.
Ғани Қалмаханов, тілші:
Өткен тәулікте шаһарда 320 адам коронавирус індетін жұқтырғаны анықталды. Бұл алдыңғы күнімен салыстырғанда екі есеге көп. Бүгінгі таңда инфекциялық стационарларда жалпы 1 мың 85 науқас жатыр. Ауруханалардағы төсек орындардың 44 пайызы сырқаттарға толған. Эпидемиологиялық жағдай өршісе ауруханаларда орындар 5 мыңға дейін көбейтіледі. Ковидтің ықтимал толқынына үш сценарий бойынша дайындық жүргізілген болатын Қазір қалада екі айға жететін дәрі дәрмек қоры бар. Медициналық мекемелер үш айға қажетті препараттармен қамтамасыз етілген. Осыған байланысты мегаполисте карантиндік режим талаптары күшейтілді. Халыққа қызмет көрсету орталығы мен фитнес клубтарға алдын ала жазылу арқылы ғана баруға болады. Қызмет көрсету орындарының жұмыс кестесі қысқарды.
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14