Қызылордада көпқабатты 10 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр
Қызылорда қаласында 26 мың адам үй кезегінде тұр. Жергілікті әкімдік бірінші кезекте көпбалалы және тұрмысы нашар отбасыларды баспанамен қамту үшін биыл 500 пәтердің кілтін табыстамақ.
Бүгінде мемлекеттік бағдарлама аясында шаһарда көпқабатты он үйдің құрылысы қызу жүріп жатыр. Ауа райының қолайлы болуына байланысты құрылысшылар қыс келсе де жұмысын тоқтатпай, білек сыбана кірісуде. Қазірде бірнеше баспананың кірпіші толық қаланып, ішкі жұмыстары қалған. Жалпы барыс жылында барлығы 1370 отбасы жаңа қонысқа ие болады деп жоспарлануда.
Біржан Далабаев, қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:
Бірінші кезекте басымдық беріліп отырған - көпбалалы отбасылар, әлсіз топтар. Және де қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленген осы әлсіз топқа берілген үйлердің 20 квотасы арқылы жетімдерге үй алу мүмкіндігі бар.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53