Ақтау қаласының іргесіндегі Сайын Шапағатов ауылына 32 шақырым асфальт төселді
Ақтау қаласының іргесінде орналасқан Сайын Шапағатов ауылына 32 шақырым асфальт төселді. Су жаңа автомобиль жолдары былтыр ғана пайдалануға берілді. Жоба «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асты. Шамамен 1 млрд теңге жұмсалған. 9 500-дей тұрғыны бар елдімекенде 150 шақырым жол бар. Бүгінде соның 60 шақырымы - асфальт. Биыл тағы 20 шақырым жол төсеу жоспарда.
Жалпы ауыл тұрғындарының саны жылына шамамен 1 000 адамға көбейіп отыр. Сондықтан осы жылы жаңа жер учаскелеріне инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізіледі.
Қалдан Амантұрлин, Сайын Шапағатов ауылының тұрғыны:
Көшіп келгеніме 3 жыл болды. Ол кезде ортарақтарда жол бар еді. Шет жақтарда жол жоқ еді осы ауылдың. Сосын енді жол жоқ болғасын белгілі ғой - автобус маршруттарға қиын болды, балшық күндері оқушыларға мектепке бару да қиын. Сол жолды салу былтыр жаздай болды. Сонымен ауылдың жартысына жуығы асфальтталып болды.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15